«Пенче-Каплан» және "Йылдырым" операциялары жалғасуда

Жандармерия десанттары террористтерге бағыттап әуе операциясы жасады.

1476760
«Пенче-Каплан» және "Йылдырым" операциялары жалғасуда

Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Каплан» операциясында 5 террорист залалсыздандырылды. 

Түрік Қарулы күштері 17 маусым күні бастаған «Пенче-Каплан» операциясын Ирактың солтүстігінде табыспен жалғастыруда. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен (ҰҚМ) жасалған мәлімдемеде тағы 5 террористің залалсыздандырылғаны білдірілді. 

Тағы операциялар аясында баспана және үңгірлерде табылған күнделікті материалдардың жойылғаны білдірілді. 

Операция аясында қазірге дейін залалсыздандырылған террорист санының 107 екені атап көрсетілді. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде қарулы пилотсыз ұшақтар (SİHA) және F-16 әскери ұшақтары қатысқан операциялардың бейне көріністері орын алды. 

Ағры қаласына қарасты Доғубеязыт ауданы ауылдық аймағындағы әуе операциясында қарулы 4 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда «Йылдырым-3» операциясы аясында Ағры Қалалық полиция дирекциясы және Қалалық Жандармерия қолбасшылығының барлау жұмыстары нәтижесінде Доғубеязыт ауылдық аймағында Жандармерия десанттары террористтерге бағыттап әуе операциясы жасады.

Операцияда PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды. Аймақта операциялар жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар