Анкарада Күн энергиясы технологиялары зауыты ашылды

Зауыт 500 мегаватт Күн панелін шығару әлеуетіне ие болады.

1475837
Анкарада Күн энергиясы технологиялары зауыты ашылды

Түркияның алғашқы, Еуропа және Таяу Шығыстағы жалғыз интеграцияланған Күн панельдерін шығаратын зауыты 400 миллион долларлық инвестициямен іске қосылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ел астанасы Анкара қаласында құрылған Калион Күн технологиялары зауыты ашылды.

Түркияның алғашқы, Еуропа мен Таяу Шығыстағы жалғыз интеграцияланған күн панельдер зауыты Энергетика және Табиғи ресурстар министрлігі тарапынан 2016 жылы тендері өткізілген  Жаңаланатын энергиялық алаңдар (YEKA-1 GES) жобасы аясында салынды.

Инвестиция көлемі 400 миллион долларды құрайтын база  жыл сайын қуаттылығы 500 мегаватт Күн панельдерін шығару әлеуетіне ие және өндірісі арқылы жыл сайын шамамен 100 миллион долларлық панель импортының алдын алады.

Нысанда өндірілетін панельдердің жергілікті өндіріс деңгейі 70 пайыздан асады.

Әлемдегі 20 интеграцияланған нысанның қатарына кіретін зауытта Күн энергиясы технологияларын дамыту үшін ғылыми-зерттеу орталығы құрылады және осы орталықта 100 зерттеуші жұмыс істейді.



Ұқсас жаңалықтар