АФАД-тан Тель-Абядқа жәрдем

АФАД YPG/PKK-дан тазаланған Тель-Абяд ауданындағы 97 жанұяға жәрдем жеткізді.

1475850
АФАД-тан Тель-Абядқа жәрдем

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (АФАД) Сирияның бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-дан тазаланған Тель-Абяд ауданындағы 97 жанұяға жәрдем жеткізді. 

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы мен Шанлыурфа губернаторлығы Бүкіләлемдік гуманитарлық жәрдем күніне орай Сирия қолдау және координация орталығының ұйымдастыруымен Тель-Абяд ауданында жәрдем қызметін жүзеге асырды. 

Басқарма Тель-Абяд координация кеңесі мағлұматтарына қарағанда Тель-Абядқа қарасты Әл-Местур ауылында мұқтаж 97 жанұяға азық-түлік және 400 килограмм бұршақ таратты. 

АФАД Түрік Қарулы күштерінің «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен (қазан-қараша 2019) бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-дан тазаланған аймақта шамамен 12 мың азық-түлік пакеті, таза суға қол жеткізіле алмаған ауылдарға 50 мың литр гигиеналық су мен 4 мың 500 гигиеналық пакет таратты. 



Ұқсас жаңалықтар