Бингөлде әскери операция басталды

Операцияға 700 қауіпсіздік қызметкері қатысуда.

1475510
Бингөлде әскери операция басталды

Бингөлде 700 қызметкер қатысқан «Йылдырым-6 Каратозақ» операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігінің хабарламасында бөлшектеуші террорлық ұйымды жою мақсатымен Бингөл Қалалық жандармерия қолбасшылығы тарапынан «Йылдырым-6 Қаратозақ» операциясы басталғаны айтылды.

Операцияда Қалалық жандармерия қолбасшылығы құрамында міндет атқаратын жандармерия арнайы жасақтары, жандармерия десанттары,  полиция арнайы жасақтары мен қауіпсіздік қызметкерлерінен 700 адам қызмет атқарады.

Ел көлемінде терроризмнің толығымен жойылуына бағытталып жүргізілген Йылдырым 1-2-3-4-5 операциялары шеңберінде бүгінге дейін барлығы 22 террорист залалсыздандырылды. 31 үңгір, баспана мен қойма жойылды.  Көптеген оқ-дәрі, азық-түлік пен түрлі материалдар тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар