Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Доминикан Республикасында

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Доминикан Республикасының жаңа президенті Абинадер тарапынан қабылданды.

1474369
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Доминикан Республикасында

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Доминикан Республикасының жаңа президенті Абинадер тарапынан қабылданды.

Твиттер парақшасынан мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жаңа президентке президент Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізіп, Түркияға шақырғанын атап көрсетті.

Абинадермен екі ел арасындағы туризм және инфрақұрылым мүмкіншіліктерін бағалағандарын атап көрсеткен Чавушоғлу «президент Абинадердің кезеңінде достық қарым-қатынастарымыз одан да жетілетін болады» деді.

Чавушоғлу Доминикан Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі  Мигель Варгаспен кездесуі туралы мәлімдемесінде болса «Доминикан Республикасы бұрынғы Сыртқы істер министрі Мигель Варгасқа эпидемия процесінде азаматтарымызды эвакуациялау кезіндегі жәрдемі және міндеті бойынша ортаға қойған ынтымақтастығы үшін алғысымды білдіремін» деді.



Ұқсас жаңалықтар