Түркиядан Израиль мен БАӘ келісіміне наразылық

Түркия Біріккен Араб Әмірлігі мен Израиль қол қойған келісімге наразылық көрсетті.

1473059
Түркиядан Израиль мен БАӘ келісіміне наразылық

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде АҚШ Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан жарияланған және Израиль-БАӘ қатынастарын толық қалпына келтіру туралы бірлескен декларацияға қатысты Палестина халқы мен әкімшілігі көрсеткен мықты және ортақ наразылықтың заңды екенін атап көрсетті. 

Мәлімдемеде 2002 жылы Сауд Арабиясы басшылығында Араб лигасы тарапынан жетілдірілген және Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) қолдаған Араб Бейітшілік жоспарының БАӘ тарапынан бір жақты жою талпынысының уайымдарды арттырғанына назар аударылды. 

Аталмыш үштік декларацияны Палестина мәселесіне қолдау ретінде көрсетудің ешбір сендіретін тұсы жоқ екені атап көрсетілген, «Негізінде жансыз дүниеге келген және бір ықпалы болмаған АҚШ жоспары үстінен құпия есептерін жасайтын БАӘ осылайша Палестина билігін «жоқ» деп санайды. БАӘ әкімшілігінің Палестина халқының және әкімшілігінің ризашылығын алмай Израильмен келіссөздер жүргізуге және Палестина үшін маңызды мәселелерде келісімдер жасауға құқығы жоқ. Өзінің шағын мүдделері үшін Палестинаның күресіне опасыздығын  палестиналықтар үшін жасалған бір пидақорлықтай көрсетуге тырысқан БАӘ бұл екіжүзді ұстанымын тарих та, аймақ халқының ұжданы да ұмытпайды және еш уақытта кешірмейді» делінді. 

БАӘ мен Израиль арасындағы қалпына келтіру келісімі 

АҚШ президенті Дональд Трамп кеше Израиль мен БАӘ-нің «екі жақты ынтымақтастықты толығымен қалпына келтіру» үшін келіскенін жариялаған еді. 

Трамп ресми твиттер парақшасында жасаған мәлімдемеде «Бүгін үлкен қадам басылды. Екі керемет досымыз Израиль және БАӘ арасында тарихи бейбітшілік келісімі» деп жазған болатын. 

Израиль премьер-министрі де әлеуметтік медиа парақшасынан Трамптың мәлімдемесіне сілтеп «Бұл тарихи бір күн» деп бағалады. 

БАӘ АҚШ-тың бітімгерлігінде Израильмен қарым-қатынастарды қалпына келтіру келісімі жөнінде «ортақ бір жол картасы белгілеу тақырыбында келіскендерін» жариялаған болатын. 

БАӘ 1979 жылы Мысыр, 1994 жылы Иорданияның артынан Израильмен қарым-қатынастарды қалпына келтіру келісіміне қол қойған 3-ші ел болды. 



Ұқсас жаңалықтар