Түркия "Көгілдір отан" құқығын қорғайды

Шентоп Түркияның "Көгілдір отандағы" құқығын қорғайтынын айтты.

1471863
Түркия "Көгілдір отан" құқығын қорғайды

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп:

"Түркия "Көгілдір отан" құқығын қорғауға бел байлады" деді. 

Мұстафа Шентоп Твиттер желісінен бөліскен мәлімдемесінде халықаралық салада құқықты танымаушылығымен аты шыққан екі елдің бірі Израильдің  өзге бір күдікті ел Грекияға қолдау бергенін білдірді.

Шентоп:

"Шығыс Жерорта теңізінде Түркия  мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына қарсы әділетсіз және қате тұғыр ұстанған Грекияға қолдау бергендер білсін - Екі қатені қоссаң, бір тура шықпайды. Түркия "Көгілдір отан" аймағындағы құқығын қорғауға бел байлады" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар