Президент Ердоғанның Бүлбүл мәлімдемесі

"PKK тарапынан опасыз түрде өлтірілген Эрен баламыздың қанын жерде қалдырмадық".

1471220
Президент Ердоғанның Бүлбүл мәлімдемесі

Президент Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық террористтер тарапынан өлтірілген Эрен Бүлбүлдің қанын жерде қалдырмағандарын атап, «Дегенмен өкініші әлі күнге дейін жүрегімізде» деді. 

Ердоған твиттер парақшасынан Трабзонның Мачка ауданында 2017 жылы 11 тамыз күні PKK-лық террористтермен қақтығыс кезінде шәйіт болған Эрен Бүлбүл туралы хабарлама жасады. 

Хабарламада Бүлбүлдің «Бар болғанын қандай жақсы» жазылған фотосуретті де бөліскен Ердоған «Шәйіт болуының үшінші жылдығында террор ұйымы PKK тарапынан опасыз түрде өлтірілген Эрен баламыздың қанын жерде қалдырмадық. Дегенмен өкініші әлі күнге дейін жүрегімізде. Эрен Бүлбүлға қоса бұл отан үшін жандарын құрбан еткен барлық шейіттерімді еске аламын» деді. 



Ұқсас жаңалықтар