"Йылдырым-5" атты операция басталды

Қауіпсіздік күштері Хатайда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы "Йылдырым-5" операциясын бастады.

1471559
"Йылдырым-5" атты операция басталды

Қауіпсіздік күштері тарапынан Хатайдың  Аманослар аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы "Йылдырым-5"(Нажағай-5 ) атты операция басталды. 

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Анкарада жасаған мәлімдемесінде "1448 қызметкерлерімізбен Аманосларда бүгін таңертеңнен бастап 'Йылдырым-5' операциияны бастадық" деді. 

Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде операцияда Адана жандармерия аймақтық қолбасшылығы, Жандармерия арнайы әрекет жасағы, Полиция арнайы әрекет жасағы және Қауіпсіздік қорғаушы жасақтарынан құралған 1448 қызметкердің міндет атқарғаны түсіндірілді. 

Мемлекет ішінде террордың түбегейлі түрде жойылуы үшін жүргізілген "Йылдырым 1-2-3-4" операциялары аясында осы таңға дейін жиыны 15 террористтің залалсыздандырылғаны мәлімденді. 

Осы операцияларда 30 үңгір, баспана және қойма жойылды. Сонымен қатар көптеген қару-жарақ, азық-түлік және тұрмыстық бұйымдар қолға түсірілді. 

Мәлімдемеде "Йылдырым операциялары халқымыздың қолдауымен табанды түрде жалғасуда" делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар