Сыртқа тәуелділік азайды

Түркия отандық вакцина жұмысымен де айналысып жатыр.

1469831
Сыртқа тәуелділік азайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде сыртқа тәуелділік көрсеткішінің 70 пайыздан 30 пайызға азайғанын айтты.

Ердоған Кожаленің Гебзе ауданындағы Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесінің Мінсіздік орталығының ашылуына қатысты. Рәсімде президент Түркияны 21-ғасырдың лидер елдерінің біріне айналдыру армандары бар екенін айтты.  Ол коронавирус жұмыстарына байланысты Түркияның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тізімінде отандық вакцина жетілдірген елдер арасында АҚШ пен Қытайдан кейін үшінші орында екенін білдірді.

Режеп Тайып Ердоған Түбитак басшылығында қалыптастырылған Ковид-19 Түркия платформасының сегіз түрлі вакцина және он түрлі дәрі жобасының жүріп жатқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар