"Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесі Жерорта теңізінде

«Оруч Реис» атты сейсмикалық зерттеу жүргізілетін алаң үшін жаңа Навтекс жарияланды.

1470183
"Оруч Реис" сейсмикалық зерттеу кемесі Жерорта теңізінде

«Оруч Реис» (Oruç Reis) кемесінің сейсмикалық зерттеу жүргізетін алаңы үшін 23 тамыз күніне дейін жаңа Навтекс (Навигациялық телекс / Теңізшілерге хабарландыру) жарияланды. 

Бұған қарағанда «Оруч Реис» «Атаман» және «Дженгиз Хан» атты кемелермен бірге Шығыс Жерорта теңізінде Кипр маңында алдында жарияланған аймақта сейсмикалық зерттеулер жүргізетін болады. 

«Оруч Реис» сейсмикалық зерттеу кемесі континенттік сөре мен табиғи ресурс іздеу жұмыстарына қоса әртүрлі геосаяси, геофизикалық, гидрографиялық және мұхитографиялық зерттеулерді жасай алады. 

Әлемдегі сирек кездесетін зерттеу кемелерінің бірі ретінде толық жабдықталған және көп мақсатты геофизикалық зерттеулер 2 және 3 өлшемді сейсмикалық гравитациялық және магниттік өрістерде зерттеу жүргізе алады. 

Кеме 8 мың метр тереңдікке дейін 3 өлшемді, 15 мың метр тереңдікке дейін 2 өлшемді сейсмикалық жұмыстар жүргізеді. 



Ұқсас жаңалықтар