Түркия мен Мальтадан ортақ Ливия мәлімдемесі

Сыртқы істер министрлігі Түркия-Мальта-Ливия ортақ мәлімдемесін жариялады.

1468649
Түркия мен Мальтадан ортақ Ливия мәлімдемесі

Түркия мен Мальта заңды түрде танылған Ливия мемлекеті Ұлттық үкіметіне қолдауларын жалғастыратындарын, Ливия дағдарысының әскери шешімі жоқ екенін және Ливияның тұрақтылық пен қауіпсіздігінің аса маңызды екенін білдірді.

Сыртқы істер министрлігі Түркия-Мальта-Ливия ортақ мәлімдемесін жариялады.

Ливия, Мальта және Түркия Сыртқы істер министрлерi Ливиядағы соңғы жағдай мен үш ел арасындағы ынтымақтастық шараларын қолға алу үшін кеше Триполиде бас қосты. Жиналыстың артынан жарияланған мәлімдеме «Мальта және Түркия халықаралық деңгейде «заңды» деп қабылданған Ливия мемлекетінің Ұлттық үкіметіне қолдауды қайталап, Ливия дағдарысының әскери бір шешімі жоқ екенін және Ливияның тұрақтылық және қауіпсіздіктің аса маңызды екенін баса айтты» делінді.

Мәлімдемеде үш ел делегацияларының Ирини операциясы мен операцияның кемшіліктеріне қатысты сындарды тілге тиек еткеніне орын берілді.

Ортақ мәлімдемеде «Ортақ ынтымақтастықтың, Мальта мен түрік фирмаларының Ливияға қайта оралуын және Ливиямен Мальта және Түркия арасындағы рейстердің қайтадан басталуын ынталандыру; заңсыз көштің тек қана Еуроодақ үшін емес, Ливия үшін де қауіпке айналғаны, Ливияның оңтүстік шекараларының күшейтілуі және адам саудасы мен заңсыз көш саудасымен күреске қажеттілік бар екені тілге тиек етілді. Мальта мен Түркия Ливия жағалауы күзет күштерінің күшін нығайту үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды қамтамасыз етіп, Ұлттық Үкіметті бұл тақырыпта қолдауға дайын екендерін білдіреді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар