Түрік іздеу құтқару топтары Бейрут портына барды

Түркия Бейрут портында болған жарылыстан кейін Ливан халқына қолдау беру үшін атсалысуда.

1468796
Түрік іздеу құтқару топтары Бейрут портына барды

Түркия Бейрут портында болған жарылыстан кейін Ливан халқына қолдау беру үшін атсалысуда.

Апат және төтенше жағдай басқармасы делегациясы жарылыс болған Бейрут портында іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. 

Түрік Қарулы күштеріне тиесілі A 400M әскери жүк ұшағы Денсаулық сақтау министрлігі, Апат және төтенше жағдай басқармасы, Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан дайындалған бұйымдарды алдыңғы күні кеште Ливанға жеткізді. 

Жәрдем бұйымдарымен бірге Бейрутқа барған Апат және төтенше жағдай басқармасы, Денсаулық сақтау министрлігі құтқару тобы және Түрік Қызыл жарты ай қоғамынан құралған түрік топтары кеше жарылыс болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. 

Бейрут портында 4 тамыз күні жарылғыш материалдар қойылған 12 номерлі қоймада аладымен өрт шықты, артынан бүкіл қаланы шайқаған ауыр жарылыс болды. Жарылыста кемінде 135 адам қаза тапқаны, мөлшермен 5 мың адам жараланғаны жарияланды.

 



Ұқсас жаңалықтар