"Ливан жалғыз емес"

Президент Ердоған Аясофия мешітіндегі жұма намазынан шығып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1468948
"Ливан жалғыз емес"

Президент Режеп  Тайып Ердоған Бейрут портында 4 тамыз күні 154 адамның өліміне, 5 мыңнан астам адамның жарақат алуына себеп болған жарылыстан кейін Ливанның жалғыз қалдырылмайтынын айтты.

Президент Ердоған Аясофия мешітіндегі жұма намазынан шығып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бейруттағы жарылысқа байланысты жауаптылардың нақты анықталмағанын және оқиғаны бақылап отырғандарын білдірген президент: «Әскери ұшақпен түрлі көмек жолдадық.  Осылардың ішінде әскери көмек материалдары да бар. Сонымен бірге медициналық материал жолдадық. Жылжымалы аурухана жібердік. Біз барлық мүмкіндігімізбен Ливанның жанындамыз. Бейруттың жанында боламыз. Ливан халқының қасында боламыз. Бейрут порты аймақта өте маңызды порт. Осындай порттың осындай жағдайға келуі аймақтық қиыншылыққа себеп болуы мүмкін. Қайтадан салынуы бірнеше жылға созылуы мүмкін» деді.

Грекия-Мысыр арасындағы теңіз өкілеттік алаңдарын шектеу келісіміне баға берген Ердоған: «Грекия мен Мысыр арасында жасалған келісімнің ешбір құны жоқ» деді.

Ливиямен арадағы келісімді жалғастырғандарын атап айтқан президент: «Әсіресе теңіз өкілеттік алаңдарында ешбір құқығы жоқтармен келіссөз жүргізу керек емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар