Айя-Софияда алғаш Құрбан айт уағызы оқылды

Құрбан айт мерекесі ел көлемінде және бүкіл Ислам әлемінде бүгін тойлана бастады.

1465039
Айя-Софияда алғаш Құрбан айт уағызы оқылды
ayasofya namaz2.jpg
ayasofya namaz1.jpg
ayasofya namaz.jpg
cami namaz.jpg

4 күнге жалғасатын Құрбан айт мерекесі жаңа тип коронавирустың (Сovid-19) көлеңкесінде тойлануда.

Азаматтар айт намазын әлеуметтік қашықтық және гигиена ережелеріне бағынып оқыды.

86 жылдан кейін ғибадатқа ашылған Айя-София мешітінде алғашқы айт намазын Дін істері басқармасы төрағасы Профессор, доктор Али Эрбаш оқыды.

Алғашқы айт намазы мешітінің іші мен айналасын толтырған мыңдаған азаматтың қатысуымен орындалды.

Айя-Софияда 86 жылдан кейін алғашқы Құрбан айт уағызын оқыған Дін істері төрағасы «Айттың тыныштығын барша бірге сезінейік. Дегенмен аурулардың жайылуына себеп ретінде бұл құнды күндерді өкінішке айналдырмайық. Маска және әлеуметтік қашықтық ережелеріне бағынайық айт күні және эпидемия бойынша қол алысып, құшақтаспайық» деді.



Ұқсас жаңалықтар