Ердоған Құрбан айтты құттықтады

Ердоған құттықтауында айттың түрік халқы, бүкіл ислам әлемі және адамзатқа құт береке әкелуін тіледі.

1464591
Ердоған Құрбан айтты құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Шығыс Жерорта теңізі және Эгейдегі құқықтарды қорғау үшін бастаған жұмыстарды аяғына дейін жалғастыратынын білдірді. 

Президент Ердоған Құрбан айтқа орай бейне көрініспен құттықтау жариялады. Ердоған құттықтауында айттың түрік халқы, бүкіл ислам әлемі және адамзатқа құт береке әкелуін тіледі. 

Түркияның жаңа коронавирус індеті кензеңін өте жақсы басқарғанын және медициналық секілді әр салада барша әлемнің мақтауына ие болғанын түсінгдірген Ердоған қалыпқа түсу процесімен туризм тысындағы барлық секторларда тұрмыс тіршіліктің індеттен бұрынғы деңгейге жеткенін білдірді. 

Ердоған "Тарихымызда жеңіс айы ретінде жазылған тамызға кіру қарсаңында Алла бұйырса ұрпақтарымызға жаңа жеңіс мұрасын тастаймыз" деді. 

"Ирак және Сириядан Ливияға дейінгі  кең байтақ бір алаңда жалғасқан күресімізді өзіміз және бауырластарымыз үшін жеңіспен аяқтатуға табандымыз" деген сөздер қолданған президент Түркияның Шығыс Жерорта теңізі және Эгейдегі құқықтарды қорғау үшін бастаған жұмыстарды аяғына дейін жалғастыратынын атап өтті. 

Ердоған жаңадан ғибадатқа ашылған Айя-София мешіті үлгісіндей Түркияның егемендік құқықтарын қолдануда екіұдай етпейтінін түсіндірді. 

Ердоған Түркияның әлемнің қай жерінде өмір сүрсе сүрсін, қайсы сенімге, текке, мәдениетке ие болса болсын, әділетсіздікке, құықсыздыққа және зұлматқа душар болған баршаның қасында болатын айтты. 

Құрбан айттың жүректеріңізге тыныштық, Түркияға аман-есендік, әлемге бейбітшілік әкелуін тілеген президент Ердоған "Айтыңыз мүбәрак болсын" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар