Үш террорист ұсталды

«Зәйтүн бұтағы» операциясы аймағында шабуыл жасауға дайындалып жатқан PKK/YPG-нің  3 террористі ұсталды.

1463875
Үш террорист ұсталды

Сириядағы «Зәйтүн бұтағы» операциясы аймағында шабуыл жасауға дайындалып жатқан PKK/YPG-нің  3 террористі ұсталды.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің  Twitter-дегі мәлімдемесінде «Зәйтүн бұтағы» операциясы аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздік ортасын бұзу мақсатында террористік әрекеттерді жүзеге асыратын 3 PKK/YPG террористі өздерінің арам пиғылдарын орындап үлгерместен ұсталды»деп айтылған.

Ішкі істер министрлігі сепаратистік террор ұйымы ПКК-ны ыдырату процесінің жалғасып жатқанын және көндіру әрекеттері нәтижесінде тағы бір террористтің қолға түскенін мәлімдеді.

Министрліктің мәлімдемесінде Бас Қауіпсіздік дирекциясы жүргізген көндіру әрекеттері нәтижесінде тағы бір террористтің берілгені айтылды.

Соңғы рет Сирияда жұмыс істеуге бел буған ұйым мүшелерінің берілуімен 1 қаңтардан бастап террористік ұйымнан қашып, тек көндіру арқылы берілген террористтердің саны 117-ге дейін артқаны баса айтылды.

Мәлімдемеде Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен сәтті көндіру жұмыстарының арқасында алдағы күндері террористік ұйымнан бас тартқандардың саны арта беретіні атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар