9-шы Халықаралық салтанатты оқу бітіру рәсімі өтті

Абдуллах Ерен  Түркияның берген стипендиясының нәтижесінде рухани тоғысуда бір жол салынғанын айтты.

1463847
9-шы Халықаралық салтанатты оқу бітіру рәсімі өтті
ytb mezuniyet.jpg
ytb mezuniyet.jpg

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының басшысы Абдуллах Ерен  Түркияның берген стипендиясының нәтижесінде рухани тоғысуда бір жол салынғанын айтты.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының  үй иелігінде «Университет түлектерінің 9-шы Халықаралық салтанатты оқу бітіру рәсімі» ұйымдастырылды. 

Абдуллах Ерен бұл жердегі сөзінде Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының шетелдік студенттердің білімінің әр саласында қасында екенін білдірді. 

Ерен "Түркия стипендия бергенде сіздерден бір материалдық мүдде күтпейді. Әрине осы стидендиялардың нәтижесінде рухани тоғысуда бір жол салынуда" деді. 

Абдуллах Ерен "Біз сіздерден бірнеше нәрсе тілейміз. Біріншісі: бітіргеннен кейін отбасыңызға, төңірегіңізге және еліңізге пайдалы болуыңыз. Екіншісі: Түркия және мемлекетіңіз арасындағы қарым-қатынастардың дамуына үлес қосуыңыз. Үшіншісі де Түркияның жаһандық әділет және ұждан күресіне шын жүректен қолдау көрсетуіңіз. Сіздер Түркияның әлеуметтік тарихында орын алдыңыздар. Бұдан кейін Түркия сіздің екінші отаныңыз. Әрқашан сіздерді Түркияға күтеміз" деген сөздер қолданды. 

Ерен биыл оқу бітірген студенттердің 30-ға тарта елде 150 мыңнан астам мүшесі болған Түркиядан оқу бітіргендер қоғамдарына де тіркелуін ұсыныс етті. 

 



Ұқсас жаңалықтар