Түркия АҚШ-тың шақыруына қатаң наразылық көрсетті

Сырты істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой жазбаша мәлімдеме жасады.

1463288
Түркия АҚШ-тың шақыруына қатаң наразылық көрсетті

Түркия ешбір мемлекеттің түрік сотына сот процестері жайлы бұйрық бере алмайтынын жариялады.

Сырты істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой жасаған мәлімдемеде АҚШ Сыртқы істер министрлігінің қамаудағы Осман Каваланың босатылуы жөніндегі шақыруына қатаң наразылық көрсетті.

АҚШ-тың шақыруының құқық мемлекеті принципіне сәйкес келмегенін атап көрсеткен Аксой «Осман Кавала жайлы жалғасып жатқан бір сот процесі бар. Тәуелсіз сот қаралған істің процесі аяқталғанша барша құрметтеу керек. Аталмыш тұлға жайлы өткен ақпан айында бір босату шешімі қабылданған дегенмен жаңа дәлелдер аясында қайтадан басқа бір қылмыстық іс күдіктісі ретінде қамауға алынды» деді.

АҚШ-тың мәлімдемесін «қарама-қайшылық» деп бағалаған Аксой «ФЕТӨ (Фетуллахшы террор ұйымы) басшысын елімізге ұстап беру тақырыбында заңдық процестерді сылтауратқан АҚШ сондай-ақ Халық Банктың бұрынғы бас директоры Хакан Атилланы кезкелген бір қылмыстық іс қозғамай бірнеше айға қамауға алған жоқ па? Елімізде жалғасқан бір сот процесіне етене араласқысы келген АҚШ-тың бұл ұстанымы өзіне қарама-қайшылық»  деп бағалады.

Аксой «Түркия құқық мемлекеті. Ешбір мемлекет немесе тұлға түрік соттарының процестері туралы бұйрық бере алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар