Президент Ердоған кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады

"Біздің ешкімнің құқығы, топырағы және байлығында көзіміз жоқ".

1462814
Президент Ердоған кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Азан шақыруларымызға, байрағымызға, отанымызға ешкімнің қол созуына рұқсат бермейміз» деді.

Президент Режеп Тайып президенттік кабинет жиналысының артынан баспасөзге мәлімдеме жасады.

«Енді барлық салада өз күшін арттырған бір Түркия бар» деген Ердоған «Біздің ешкімнің құқығы, топырағы және байлығында көзіміз жоқ. Тек арманымыз өз құқығымызды, мүдделерімізді қорғау» деді.

Президент «Келіссөз және әділ келісім арқылы шешілетін мәселелерде елімізді шеттеткісі келгендер бұл жауапты алатындарын білсін. Мемлекеттер мен қоғамдар арасындағы күрестің өзгергенін байқамыз. Саяси, экономикалық, әскери саладағы әр түрлі бәсекелестікте өзгеріске ұшыраған сөйлемдер алдында өзімізді жетілдірудеміз. Әрі үстелде, әрі майданда қажетті күресті жүргізудеміз» деді.

Президент Ердоған Айя-Софияның қайтадан ғибадатқа ашылуының Түркияның егемендік құқығын қолдану тақырыбындағы табандылығының соңғы үлгісі екенін атап, бұл жердің мешіттен мұражайға қалай өзгертілгенін дауға қоюдың маңызы жоқ екенін атап көрсетті.

Ердоған «Айя-Софияның жай бір мұражай болудан гөрі салыну мақсатына сәйкес ғибадатхана ретінде қолданудың әр түрлі нанымға ие адамды қуантқанына сенеміз» деді. Президент «Бүгін қайтадан ант ішеміз. Азанға, байрағымызға, отанымызға ешкімнің қол созуына рұқсат бермейміз» деді.

Ердоған сөздерін «Түркия бүгін жаңа бір қайта өрлеу күресін жалғастыруда. Үлкен және мықты Түркияны қайтадан салудамыз» деп аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар