"Йылдырым-3 Агры тауы" операциясы басталды

«Йылдырым-3 Агры тауы» операциясы мың 170 қызметкердің қатысуымен басталды.

1462491
"Йылдырым-3 Агры тауы" операциясы басталды

«Йылдырым-3 Агры тауы» операциясы Ішкі істер министрлігі тарапынан Карс, Агры, Ыгдыр қалаларында мың 170 қызметкердің қатысуымен басталды.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда « Йылдырым-3 Агры тауы” операциясы сепаратистік террористік ұйымды елдің күн тәртібінен алып тастау және аймақтағы террористерді бейтараптандыру мақсатында Агры, Ыгдыр, Карс аймақтарында басталды.

Операцияда Ерзурум жандармерия аймақтық қолбасшылығы басшылығында жандармерия жасақтары, Жандармерия арнайы жасағы, Полиция арнайы жасақтары мен қауіпсіздік қолдау күштерінен тұратын мың 170 қызметкер, 86 оперативтік команда міндет атқарады.

Мәлімдемеде ел ішінде терроризмнің толығымен жойылуына бағытталған операцияның халықтың қолдауымен табандылықпен жалғастырылатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар