Идлиб пен Афринде бір уақытта лаңкестік

2 адам қаза тауып, 16 адам, соның ішінде балалар да жараланды.

1462283
Идлиб пен Афринде бір уақытта лаңкестік

Идлиб пен Сирияның солтүстік-батысындағы лаңкестерден тазартылған Афринге бір уақытта жасалған бомбалы лаңкестіктерде 2 адам қаза тауып, 16 адам, соның ішінде балалар да жараланды.

Түрік қарулы күштері  және Сирия ұлттық армиясы тарапынан «Зәйтүн бұтағы” операциясы жүргізілген Африн ауданы  мен оппозицияның бақылауындағы Идлибте бір уақытта 2 бомба жарылды.

Шабуылдарда Африн мен Идлибте бір адам қайтыс болып, 16 адам  жарақат алды.

«Бейбітшілік бұлағы” операциясымен террористерден босатылған Расулайнда кеше таңертең базарға бағытталған шабуыл жасалды, шабуылда 8 адам қаза тауып, 20 адам жараланды.

Сепаратистік террористік ұйым YPG / PKK террористері Түркия және Ресей арасында 2019 жылдың 22 қазанында қол жеткізілген келісімге сәйкес кетуі керек Тель-Рыфат ауданынан көбіне Баб, Азез, Джерабулус пен Африн аймағын нысанаға алып, террористік лаңкестіктер ұйымдастыруда.



Ұқсас жаңалықтар