Стамбулда 8 шетел азаматы ұсталды
Стамбулдың 10 ауданында бір уақытта операция жүргізілді.
1460650
Стамбулда 10 ауданда бір уақытта жүргізілген операцияда ДАИШ террорлық ұйымының мүшесі, шетелдің 8 азаматы ұсталды.
Стамбул Қауіпсіздік дирекциясының Антитеррорлық бөлімше топтары ДАИШ атынан жұмыс істеп жүрген және елге әр түрлі уақытта заңсыз кірген шетелдік күдіктілердің лаңкестік үшін әрекеттенгендері жөнінде ақпар алды.
Тергеу аясында 10 аудандағы 14 адреске жүргізілген операцияда 8 шетелдік азамат қамауға алынды.
Аталған мекен-жайларда жүргізілген тінту кезінде ұйымдық көптеген құжат пен цифрлық материалдар тәркіленді.