Аясофияның Twitter-де парақшасы ашылды

Президент Аясофия парақшасының алғашқы жазбасын бөлісті.

1461146
Аясофияның Twitter-де парақшасы ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Аясофия-и Кебир мешіті атына ашылған Twitter парақшасында «бісмілла» деп жарияланған алғашқы жазбаны өз есебінен бөлісті.

Президент Ердоған 86 жылдан кейін бүгін мешіт ретінде ашылып отырған Аясофия мешітінің әлеуметтік желідегі жазбасын өзінің жеке есебінен жариялады. Ердоған жазбасында араб тілінде «Бісміллахирахманирахим» деді.

Осы арада Аясофия мешітінің әлеуметтік желідегі туған күні ретінде Стамбул жеңіп алынған 29 мамыр деп жазылғаны көрінеді.

Сонымен қатар президент Ердоған Twitter-дан Аясофия мешітінің бір суретімен қоса жұма құттықтауын жариялады.

Ердоғанның «Қайырлы жұма болсын!» жазбасында 86 жылдан кейін бүгін жұма намазында ғибадат үшін ашылатын Аясофия мешітінің суреті жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар