Аясофияда жұма намазы оқылды

Аясофия мешіті 86 жылдан кейін құлшылық ету үшін қайта ашылды.

1461285
Аясофияда жұма намазы оқылды
AYASOFYA.1.24.07.jpg
Süper Ayasofya

Аясофия мешіті 86 жылдан кейін құлшылық ету үшін қайта ашылды, бүгін жұма намазы оқылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған ғибадат үшін ашылған Аясофияға  келді. Ердоған жұма намазынан бұрын Құран оқыды.

Ердоған сағат 12.00-де Кысыклыдағы үйінен Аясофия алаңына келіп, азаматтар оны стық ықыласпен қарсы алды.

Намаз оқу үшін алаңды толтырғандар да Ердоған келген кезде түрлі ұран тастады.

Президент Ердоғанмен Коммуникация басқармасының басшысы Фахреттин Алтун еріп жүрді.

Президентті Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш қарсы алды,  артынан  Ердоған жұма намазы үшін Аясофия  мешітіне кірді.

Вице-президент Фуат Октай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп және Ұлтшыл қозғалыс партиясының  төрағасы Девлет Бахчели де Аясофияға келді.

Президент Ердоған мешітте Дін істері дирекциясы ұйымдастырған бағдарлама шеңберінде оқылған Құранды тыңдады.

Кейінірек 4 муаззин бірге Аясофия мешітінің 4 мұнарасынан бірге оқыды.

Артынан  президент Ердоған «Фатиха» сүресін және «Бақара» сүресінің алғашқы 5 аятын оқыды.

Жамағат  Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербашпен бірге дұға қылды.

Сүннет намазынан кейін құтпа оқыған Али Ербаш парыз намазын қылдырды.

Мешіттің ғибадатқа ашылуы әлеуметтік желіде де күн тәртіптің басты орнында.

Әлеуметтік желі қолданушылары #AyasofyaCamii этикетімен жазбаларын жариялауда.

Ашылу рәсімі әрі телеканалдарда,  әрі әлеуметтік желіде тікелей жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар