Аясофия мешіті 86 жылдан кейін қайта ашылды

Бүгін жұма намазы оқылды.

1461316
Аясофия мешіті 86 жылдан кейін қайта ашылды
ali erbas.jpg
erdogan.jpg

Аясофия мешіті 86 жылдан кейін құлшылық ету үшін қайта ашылды, бүгін жұма намазы оқылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған ғибадат үшін ашылған Аясофияға  келді. Ердоған жұма намазынан бұрын Құран оқыды.

Ердоған сағат 12.00-де Кысыклыдағы үйінен Аясофия алаңына келіп, азаматтар оны ыстық ықыласпен қарсы алды.

Намаз оқу үшін алаңды толтырғандар да Ердоған келген кезде түрлі ұран тастады.

Президент Ердоғанмен Коммуникация басқармасының басшысы Фахреттин Алтун еріп жүрді.

Президентті Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш қарсы алды,  артынан  Ердоған жұма намазы үшін Аясофия  мешітіне кірді.

Вице-президент Фуат Октай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп және Ұлтшыл қозғалыс партиясының  төрағасы Девлет Бахчели де Аясофияға келді.

Президент Ердоған мешітте Дін істері дирекциясы ұйымдастырған бағдарлама шеңберінде оқылған Құранды тыңдады.

Артынан  президент Ердоған «Фатиха» сүресін және «Бақара» сүресінің алғашқы 5 аятын оқыды.

Жамағат  Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербашпен бірге дұға қылды.

Сүннет намазынан кейін құтпа оқыған Али Ербаш: «Ұлтымыздың көптен күткен сағынышы аяқталып жатыр, Құдайға шүкір» деді.

«Аясофияның ғибадатқа ашылуы  - Акса мешіті мен жер бетіндегі барлық мешіттер және жазықсыз мұсылмандардың ғұмырлық арманына қауышуы. Аясофия мешітінің қақпасы барлық мешіттерімізде болғандай, Алланың құлдарына түгелдей ашық. Аясофия мешітінің рухани атмосферасында наным, тарих, ғибадат және ойлануға созылған сапар үздіксіз жалғасады» деді ол.

Али Ербаш артынан парыз намазын қылдырды. Мешіттің ғибадатқа ашылуы әлеуметтік желіде де күн тәртіптің басты орнында.

Әлеуметтік желі қолданушылары #AyasofyaCamii этикетімен жазбаларын жариялауда.

Ашылу рәсімі әрі телеканалдарда,  әрі әлеуметтік желіде тікелей жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар