Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің декларациясы жарияланды

ҰҚК президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен жиналды.

1460248
Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің декларациясы жарияланды

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) шекара тысындағы лаңкестік элементтерге қарсы нақты күрес жалғасатындығын мәлімдеді.

ҰҚК президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен жиналды.

Жиналыстан кейін жарияланған декларацияда шекара тысындағы террористік элементтермен күрестің халықаралық құқықтан туындайтын құқықтар аясында жалғасатыны айтылды.

Декларацияда «Әзербайжан территориясын бірнеше жылдан бері заңсыз жаулап алумен айналысып келе жатқан Арменияның агрессиясы қатаң айыпталады» деп айтылды.  Армения өзінің шабуылдаушы саясатын тоқтатып, өзі басып алған Әзербайжан аумағынан кетуі керектігі және түрік ұлтының Әзербайжанның барлық шешімін қабылдайтыны атап көрсетілді.

Декларацияда Кипрдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа зиян келтіретін әрекеттерге ешқандай жағдайда  жол берілмейтіні де айтылған.

«Шығыс Жерорта теңізіндегі халықаралық құқықтан туындайтын  құқықтарымыз бен мүдделерімізді қорғауға табандымыз» деп айтылды.

Декларацияда сонымен бірге «Түркия зұлымдыққа қарсы Ливия халқының қасында болады» деген сөздер орын алды.



Ұқсас жаңалықтар