Сейсмикалық кеме жаңа міндетіне дайын

«Оруч Рейс» қажетті дайындықтардан кейін Жерорта теңізіне қайта барады.

1460526
Сейсмикалық кеме жаңа міндетіне дайын

Шығыс Жерорта теңізінде жаңа сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізетін, толық жабдықталған және көп мақсатты әлемдегі 5-6 зерттеу кемесінің бірі «Оруч Рейс» өзінің жаңа миссиясына дайын.

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез әлеуметтік желіде өткен жылы шілде айында «Оруч Рейстің» Жерорта теңізінде сейсмикалық зерттеу бастайтынын жариялағаннан кейін жұмыс басталды.

Қаратеңізде және Мәрмәр теңізінде сейсмикалық зерттеу жұмыстарымен айналысқан «Оруч Рейс» осы кезден бастап Жерорта теңізінде өз қызметін жалғастырып келеді.

Батыс Гүзелюрт-2 –де үш өлшемді сейсмикалық жинау жұмыстарын соңғы рет жүргізген «Оруч Рейс» қажетті дайындықтардан кейін Жерорта теңізіне қайта барады.

Анталия айлағының су айдыны аумағынан тыс жерде тұрған сейсмикалық кеме Шығыс Жерорта теңізінде жаңа сейсмикалық зерттеу жұмыстарын бастайды деп күтілуде.

«Оруч Рейс» сейсмикалық зерттеу кемесі геологиялық, геофизикалық, гидрографиялық және океанографиялық зерттеулердің барлық түрлерін атқара алады.



Ұқсас жаңалықтар