Аясофия ертең ашылады

Мешітте  ертең жұма намазы оқылады.

1460573
Аясофия ертең ашылады

Аясофия мешіті ғибадат үшін 86 жылдан кейін қайта ашылады. Мешітте  ертең жұма намазы оқылады.

Мемлекеттік кеңестің 10-шы департаменті Министрлер Кеңесінің 1934 жылғы 24 қарашадағы Аясофияны мешіттен мұражайға ауыстыру туралы шешімінің күшін жойғаннан кейін, Президенттің Аясофияны Дін істері басқармасына беру туралы шешімі Ресми газеттің 10 шілде күнгі санында жарияланды.

Аясофия мешітінің қайта ашылуы туралы шешім қабылданғаннан кейін дайындық жұмыстары басталып кетті.

Коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) өршуіне байланысты бақылау пункттерінде температура өлшеу және маска бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Осы тұрғыда ауданда құрылатын 17 денсаулық пунктінде 736 медициналық қызметкер мен  101 жедел жәрдем көлігі (олардың бірі тікұшақ ) қызмет етеді.



Ұқсас жаңалықтар