Президент "Аясофия" әнін жариялады

Аясофия мешіті 24 шілде жұма күні ғибадат етуге ашылады.

1459976
Президент "Аясофия" әнін жариялады

Аясофия мешіті 24 шілде жұма күні ғибадат етуге ашылады.

Мешітте алғашқы намазға дайындық жалғасып жатқанда, президент Режеп Тайып Ердоғаннан бір жазба келді.

Президент Ердоған твиттердегі парақшасында бөліскен жазбасында әні мен әуенін Юджел Арзен жазған «Аясофия» әнінің клибін де жариялады.  Бейне роликте әнді әр түрлі елдің әншілері шырқады.

Түрік тілі, қырғыз, босния, албан, әзербайжан, күрд, свахили, араб, бенгал тілдерінде шырқалған ән тәнті етті.  Әннің түрік тіліндегі нұсқасын автордың өзі орындады.

Президент Ердоған жазбасында: «Аясофия ... Күмбезіңде еркіндіктің самалы ессін, Сен әрқашан біздікісің, біз сенікі» деп жазды.

Мемлекеттік Кеңестің 10-шы департаменті 10 шілде күні Аясофияны мешіттен мұражайға айналдыру туралы Министрлер Кеңесінің 1934 жылғы 24 қарашадағы шешімін жойған еді. Осылайша Аясофияның мешіт ретінде ғибадат үшін қолданылуына жол ашылды.

Мемлекеттік кеңестің негіздемесінде Аясофияның Фатих Сұлтан Мехмет Хан фондына тиесілі екендігі және қоғамға мешіт ретінде тапсырылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар