Калын Ливия жайлы мәлімдеме жасады

Ибрахим Калын "Біз Ливия картасында саяси немесе географиялық жақтан бөлшектенуіне әсте қарсымыз" деді.

1459455
Калын Ливия жайлы мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын "Біз Ливия картасында саяси немесе географиялық жақтан бөлшектенуіне әсте қарсымыз" деді.

Ибрахим Калын бір жеке теледидар каналында Ливиядағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады. 

Түркияның шақыруы бойынша Ливияда үкіметке қолдау бергенін білдірген Калын "Біз жалғасты қолдау көрсетеміз" деді. 

Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифе Хафтердің мемлекетке зиян тигізгенін, мемлекетті бөлшектеуге және бақылауды қолға алуға тырысқанын түсіндірген Калын сөзін былай жалғастырды: "Ливияда Хафтерге қолдау берген елдерге бастабынан бері оның сенімсіз екенін, екі жылдан бері барлық атысты тоқтату келісімін және бейбітшілік процесін бұзғанын айтудамыз. Біз Ливияда саяси процес жағындамыз. Әскери дағдарыс қаламаймыз. Сонымен қатар Ливияның Бенгази және Триполи арасында бөлінуге де қарсымыз" .

Калын Түркияның Ливиядағы әскери болмысының түбегейлі болып болмайтыны жайлы сұраққа былай жауап берді: "Ливия егемен бір ел. Біз Ливияның картада саяси немесе географиялық жақтан бөлшектенуіне әсте қарсымыз. Бұл апат әкелетін бір сценарий болады. Иракта, Сирияда және басқа жерлерде бұның мысалын көрдік. Біз бұлардан сабақ алуымыз керек".

 



Ұқсас жаңалықтар