«Жерорта теңізінің нео-фашистері» деректі фильмі түсірілді

Оңтүстік Кипрде түсірілген алғашқы туынды «Жерорта теңізінің нео-фашистері» 5 тілде дайындалды.

1459057
«Жерорта теңізінің нео-фашистері» деректі фильмі түсірілді

1974 жылғы Кипр Бейбітшілік операциясының 46 жылдығында TRT World «Жерорта теңізінің нео-фашистері» деректі фильмінде Грекия мен Кипрдегі барлық нәсілшіл әрекеттерді қолға алды.

Оңтүстік Кипрде түсірілген алғашқы туынды «Жерорта теңізінің нео-фашистері» 5 тілде дайындалды.

Режиссер Атакан Керкүклү бұл деректі фильмнің Кипрдің оңтүстік аймағындағы ELAM партиясы туралы түсірілген алғашқы және жалғыз туынды ерекшелігі бар  екенін айтты. «Олар бізге Оңтүстік Кипр ретінде  қаншалықты алаңдайтындарын және осы фашизмнен құтылғысы келетіндерін айтты» деді ол.

Түріктер мен иммигранттарға жасалған шабуылдар туралы баяндайтын деректі фильм Грекия, Кипр, Германия, Франция және Англияда түсірілді.

Грекияның «Алтын таң» партиясының құрылу процесі, нәсілшіл әрекеттері және оның басқа нәсілшіл партиялармен байланысы кеңінен қолға алынды.

Режиссер Керкүклу: «Біз адамдарға оңшыл ұйымдардың қаншалықты зиянды екенін көрсеткіміз келді. Олар ең үлкен зиянды өз елдеріндегі келтіреді. Өйткені олар өлтіріп, пышақтап өлтірген адамдар грек» - деді.

Деректі фильмде ELAM партиясының таулардағы әскери жаттығулары, спорт клубтарына жасырын енуі және білім беру жүйесіне араласу әрекеттері де кеңінен орын алған. Айырықша деректі фильмде түрік пен Кипрдегі иммигранттарға жасалған шабуылдар туралы да сөз болады.

(Грекиямен бірігу) ЭНОСИС арманымен құрылған EOKA террористік ұйымының нәсілшіл шабуылдарын гректердің өздері баяндап берді.



Ұқсас жаңалықтар