Түркия өз құқығын қорғайды

Ердоған президенттік басқару жүйесінің екі жылына баға берді.

1459112
Түркия өз құқығын қорғайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның шекара қауіпсіздігі үшін басқан барлық қадамдарында ұлттық егемендікті пайдалану құқығын қолданғандарын айтты.

Президент Ердоған Бештепе Миллет Конгресі мен Мәдениет орталығында «Президенттік министрлер кабинетінің екі жылдық бағалау жиналысында» сөз сөйледі.

Президент Ердоған Түркияның президенттік басқару жүйесі арқылы аймақтық және жаһандық дағдарыстарға қарсы неғұрлым тиімді және толыққанды рефлекстер беруге мүмкіндік тапқанын білдірді.

Түркияның әрдайым өз құқығын қорғайтын ел болғанына назар аударған президент: «Біз ешкімнің құқығын таптамайтын, бірақ өз құқығын қорғайтын  мемлекет ретінде әрекет етуді жалғастырамыз. Басқару жүйесін өзгерткен кезде, саясаттан әлеуметтік реттеулерге дейін көптеген саладағы өзгерістің қиындығын сезінбеу мүмкін емес» деді.

Ердоған: «Соңғы екі жыл ішінде Президент ретінде өз қолымызбен шығарған 64 жарлық және 2755 шешіммен халқымызға үздіксіз қызмет көрсеттік. Біз Ковид-19 кезеңін қоса алғанда, 180 күндік іс-қимыл бағдарламаларында жоспарланған 2384 негізгі іс-шаралардың 93 пайызын орындадық. Ең жақсысын және әдемісін тапсақ, әртүрлі өзгеріске жүрегіміз бен саясатымыз ашық» деді.

Ердоған Түркияның шекара қауіпсіздігі үшін басқан барлық қадамдарында ұлттық егемендікті пайдалану құқығын қолданғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар