"Пенче-Каплан операциясы" жалғасуда

"Евфрат калқаны" аймағында тыныштық пен қауіпсіздікті бұзуға бағытталған террористік іс-шаралар жасаған ДАИШ-тың 2 террористі ұсталды.

1459133
"Пенче-Каплан операциясы" жалғасуда

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 3 террорист әуе операциясы арқылы залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі  Зап аймағында бақылау мен барлау көліктері арқылы анықталған бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 3 террористің әуе операциясы арқылы залалсыз күйге келтірілгені білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағытталған операцияларымыз батылдықпен жалғасуда" деп көрсетілді.

Сонымен бірге Сирияда "Евфрат калқаны" аймағында террористік ұйым ДАИШ-қа қарсы операциялар да жалғасуда.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Евфрат калқаны аймағында тыныштық пен қауіпсіздікті бұзуға бағытталған террористік іс-шаралар жасаған ДАИШ-тың 2 террористі операцияда ұсталды" деп көрсетілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігінде жалғасқан "Пенче-Каплан операциясында" батыр әскерлеріміз анықталған  жасырын үйде террористік ұйым ПКК-ға қарасты көптеген құрал-жабдық пен тұрмыстық материалдарды қолға түсіргені және жойылғаны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар