"Түркия - Кипр түріктерінің ең үлкен қолдаушысы"

ТР Вице-президенті Фуат Октай Кипр мәселесінің теңдік негізінде шешілетінін мәлімдеді.

1458240
"Түркия - Кипр түріктерінің ең үлкен қолдаушысы"

ТР Вице-президенті Фуат Октай Кипр мәселесінің теңдік негізінде шешілетінін мәлімдеді.

Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) бас қала Никосияда 20 шілде Бейбітшілік және Еркіндік Күнінің 46 жылдығына байланысты Фазыл Күчүк бульварында өткен салтанатта сөйлеген сөзінде Кипр Түріктерінің бағытының тұрақты және болашағының жарқын болуын тіледі.

Кипр Бейбітшілік қозғалысына дейін Кипр түріктерінің оқтың нысаны болғанын, көшеде қудалауға душар болғанын және бейбітшілік операциясы басталғанға дейін Кипрдің көптеген аймақтарында түріктерге қарсы қорқыту әрекеттері жасалғанын еске салды. Ол бұл зорлықтардың әлі де Кипр түріктеріне қарсы эмбарголар арқылы жалғасқанын айтты. Фуат Октай Бейбітшілік операциясында Кипр түріктерінің болмысы, құқығы және бостандығы үшін ерлікпен күрескен және осы себеппен қаза болғандарды құрметпен еске алды. Ол Кипр Түрік бостандығы үшін күресті басқарған Фазыл Күчүк пен Республиканың құрылтайшысы Рауф Денкташты еске алып,  ардагерлерге ұзақ ғұмыр тіледі.

Операция арқылы бейбітшілік тек аралдың солтүстігінде ғана емес, сонымен бірге оңтүстікте де түрік сарбазының арқасында орнағанын баса айтқан Октай:

«Кипр мәселесі кез келген жағдайда теңдік негізінде шешіледі. Кипр Грек әкімшілігі 2004 жылы Еуропалық Одаққа қабылданған кезде, ол бүкіл әлемді алдады және ЕО мүше болғаннан кейін ЕО өз уәделерін орындауға қалай кедергі келтірді. Оларды біз білмейміз. Ол шындықтың қаншалықты айтылғанын білмеймін. Сіз бұлардың бәрін білесіз» деді.

Бұрын жасалған заңсыздықтар мен зұлымдықтарды ұмытудың, бүгінгі ойындарды да елемеудің де мүмкін еместігін атап көрсеткен Октай: «Түркия барлық салада Кипр түріктерінің қолдаушысы және ең үлкен қолдаушысы болуын жалғастырады.  Бұны барша білсін» деді.



Ұқсас жаңалықтар