Кипр түріктерінің саяси теңдігін қабылдау керек

Президент Ердоған Кипр понти тарабы Кипр түріктерінің саяси теңдігі мен аралдың табиғи ресурстарына тең құқығын тез арада беруі керектігін мәлімдеді.

1458254
Кипр түріктерінің саяси теңдігін қабылдау керек

Президент Режеп Тайып Ердоған Кипр понти тарабы Кипр түріктерінің саяси теңдігі мен аралдың табиғи ресурстарына тең құқығын тез арада беруі керектігін мәлімдеді.

Ердоған Кипрдегі Бейбітшілік операциясының 46 жылдығына арнаған жолдауында:

«Кипр түріктерінің тең мәртебесін қабылдаған кезде ғана аралда әділ, әрі тұрақты шешімге қол жеткізуге болады» деді.

Ердоған өз хабарламасында операцияның 46 жылдығымен шын жүректен құттықтағанын мәлімдеді. «Бейбітшілік операциясы - бұл дұшпан тарихтан өшіргісі келген бір  халықтың қайта туылуы және қайтадан биікке көтерілуінің атауы. Бұл операция Кипр түріктерінің негізгі құқықтары бұзылғанда, олардың бостандықтарына қауіп төнгенде не істей алатынын әлемге көрсетті. 50 жылдан астам уақыт бойы теңдік үшін күрескен Кипр түріктерінің шыдамдылығына тең әлемде басқа мысал жоқ. Кипр түрік халқы барлық қысымдар мен қауіптерге қарамастан күресіп, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын талап етті» деді ол.

46 жыл бұрын болғанындай Түркия  бүгін де Кипр түріктерінің күресінде жанында болатынын айтқан президент Ердоған: «Аралда әділ және тұрақты шешім тек Кипр Түрікінің тең мәртебесін қабылдаған кезде ғана мүмкін. Кипрдің понти тарабы Кипр түріктерінің саяси теңдігін және аралдың табиғи ресурстарын тең пайдалану құқығын тез арада беруі керек» деді.

Ердоған Түркия мен Кипр түріктерінің  әрқашан бейбітшілік пен татулықты қолдағанын, нақты ерік-жігерді көрсететін бағытта шешім қабылдағанын айтты. Ол  бірақ бұл жағдайдың Кипр түрік халқының құқығы үшін кері шегіну деген мағынаға келмейтінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар