Президент Аясофияда тексеру жүргізді
Ердоған 86 жылдан кейін құлшылық үшін ашылатын Аясофия мешітінде тексеру жүргізді.
1457815
Президент Режеп Тайып Ердоған 86 жылдан кейін құлшылық үшін ашылатын Аясофия мешітінде тексеру жүргізді.
Стамбулдағы резиденциясынан Аясофия мешітіне барып, бір сағаттай болған Ердоған ашылу үшін атқарылған жұмыстар туралы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсойдан және Стамбул губернаторы Али Ерликаядан мәлімет алды.
Президент Ердоғанға Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу және Дін істері басқармасының басшысы Али Ербаш серік болды.
Тексеру аяқталғаннан кейін Аясофия мешітінен шыққан президент Ердоған азаматтармен амандасты.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Әлиевпен сөйлесті
Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.