2 полиция қызметкері шейіт болды

Терроризмге қарсы операция барысында ауыр жарақат алған екі арнайы полиция қызметкері шейіт болды.

1456055
2 полиция қызметкері шейіт болды

Сиирттің Первари ауданы Доған ауылында жүргізілген терроризмге қарсы операция барысында ауыр жарақат алған екі арнайы полиция қызметкері шейіт болды. 

Ішкі істер министрлігінің хабарламасына қарағанда, Сиирт қалалық жандармерия қолбасшылығы тарапынан жүргізілген операция шеңберінде 15 шілде күні террористтермен қақтығыс шықты. Қақтығыста төрт полиция қызметкері жарақат алды. Екеуінің жарасы ауыр болды. 

Жаралы полиция қызметкерлері Шырнак Әскери ауруханасына жеткізілді.  Бірақ барлық талпыныстарға қарамастан құтқарыла алмады.



Ұқсас жаңалықтар