"Түркия эпидемияның шарықтау шегін артта қалдырды"

Ердоған вирус жұқтыруды барынша азайту үшін шектеулердің жалғасатынын атап көрсетті.

1455053
"Түркия эпидемияның шарықтау шегін артта қалдырды"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның коронавирус эпидемиясының шарықтау шегін артта қалдырғанын айтты. 

Президенттік сарайда кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасаған Ердоған Түркияның эпидемиямен күресте табысты болғанын білдіріп,  вирус жұқтыру оқиғасы мен өлім-жітімнің қайтадан азая бастауының қуаныштарлық  екенін айтты. 

Ердоған вирус жұқтыруды барынша азайту үшін шектеулердің жалғасатынын атап көрсетті. 

Аясофияның қайтадан ғибадатқа ашылуы шешіміне байланысты да президент Аясофияның шіркеуден емес,  мұражайдан мешітке айналдырылғанын еске салды. 

“Қирап жатқан күйінде қабылдап алынған Аясофия мешіті бізге тиісті мұраға айналдырылды” деген Ердоған Аясофияның мәдени мұра ерекшелігінің сақталатынын атап көрсетті. “Аясофия тақырыбы секілді ұлтымыздың еркіндігі мен құқықтарына байланысты тақырыптарда өз шешімімізді өзіміз береміз” деді ол. 

Еуропада мұсылман халыққа дөп келетін ғибадатхана саны мен Түркиядағы мұсылман емес халыққа арналған ғибадатхана саны арасында 4-5 есе айырмашылық бар екеніне назар аударған президент Ердоған Түркияның әрдайым қос стандартқа ұшырағанын тілге тиек етті. 

Арменияның бауырлас Әзербайжанға шабуылдарына да тоқталған Ердоған осы шабуылдарды айыптады. “Барлық мүмкіндігімізбен Әзербайжанның жанында болуды жалғастырамыз” деді ол. 

Президент Таулы Қарабах басып алынғалы бергі келіспеушіліктің Арменияның жүйелі шабуылдарымен қақтығысқа айналуына уайымдайтындарын атап көрсетті.  “Бұл шабуыл Арменияның шегінен шыққаны.  Мақсат - әрі Таулы Қарабахта шешімді тұйыққа тіреу,  әрі жаңа қақтығыс алаңдарын қалыптастыру.  Түркия Әзербайжанның құқығына,  жеріне бағытталған барлық шабуылдың қарсы алдында тұрады” деді ол.



Ұқсас жаңалықтар