"Түрік ұлты демократиясын қорғап қалуға табанды"

Ибрахим Калын 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай мәлімдеме жасады.

1455414
"Түрік ұлты демократиясын қорғап қалуға табанды"
15_temmuz_yildonumu8.jpg
15 Temmuz.1.jpeg

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын 15 шілде төңкеріс әрекетінің төртінші жылдығында Түркияның демократиясын және еркіндігін сақтап қалу үшін табанды екенін айтты. 

Ибрахим Калын 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай мәлімдеме жасады.  “Фетуллахшы террорлық ұйыммен күрес құқықтың үстемдігі және негізгі құқық пен еркіндіктердің қорғалуы принциптеріне сай, мемлекеттің ішіндегі ұйымдық құрылымы әшкереленіп,  мүшелері жөнінде соттау негізінде табандылықпен жалғасуда,  тәуелсіз соттар алдында есептері алынуда” деді ол. 

Империалистік күштердің қолшоқпары болған опасыз FETÖ -нің мақсаттарына жете алмағанын,  ұлттың осы күресте күш-қайратын арттырғанын білдірген Калын Түркияның басына осындай дерттің енді қайтып келмеуі үшін бірге жұмыстануды жалғастыратындарын атап көрсетті. Калын Түрік Қарулы күштерінің құрамында ұя салған FETÖ-мен байланысы бар бір топ бастаған төңкеріс әрекеті барысында Президенттік сарайдың,  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің,  көптеген мемлекеттік мекеме мен органның шабуыл астында қалғанын еске салды. Ол опасыз төңкерісшілердің сол түні президент Режеп Тайып Ердоған мен отбасын нысанаға алған қастандық жоспарлағандарын да білдірді. “Президентіміздің шақыруымен халқымыз төңкерістің алдын алу үшін көшеге шықты, өздеріне ұшақтан,  танктар және ауыр қарулармен оқ атылғанына қарамастан,  теңдесі кездеспейтін тойтарыс жасады. Түрік халқы батылдық көрсетіп, осы қанды төңкерісті болдырмай тастады.  Сол түні 251 жазықсыз адам төңкерісшілердің оғымен қаза тапты.  2 мың 194 азамат та жарақат алды. Бұларды еш ұмытпаймыз” деді ол. 

FEÖ-нің шетелде Түркияға қарсы жүргізген істерін тоқтату үшін де бастамалар жалғасқанын атап көрсеткен Калын: “15 шілде күнгі оқиғадан кейін террорлық ұйым мүшелерінің Америка Құрама Штаттары және Еуропа секілді елдерге қашып,  ауыр қылмыстардың жазасын өтемей өмір сүруі екі жақты қатынастарымызға зиян келтіреді.  Түркия террорлық риск астындағы елдердің ұлттық қауіпсіздіктерін негізге алатын бір ұстаным көрсетсе,  әсіресе батыс елдері осы тақырыпта емтиханнан өтпей қалды.  FETÖ басшысының әлі күнге елімізге тапсырылмауы және Америка Құрама Штаттарында өмір сүруіне рұқсат берілуі Түркия мен АҚШ арасындағы одақтастық рухына көлеңке түсіреді” деді ол.



Ұқсас жаңалықтар