"Соңғы фетуллахшы есеп бергенге дейін күрес жалғасады"

Ердоған шейіт отбасыларына үн қатты.

1455697
"Соңғы фетуллахшы есеп бергенге дейін күрес жалғасады"

Президент Режеп Тайып Ердоған “15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні” шеңберінде Президенттік сарайда ұйымдастырылған бағдарламада шейіт отбасыларына үн қатты. 

“Сол түні (15 шілде) ұлтымыз 83 миллион біртұтас болып тарихқа алтын әріптермен жазылатын, еш ұмытылмайтын бір жеңіске жетті” деді ол. 

Ердоған FETÖ-мен күрестің жалғасып жатқанына да назар аударып: “Бүгінге дейін 100-ден астам фетуллахшы террористті шетелде тығылып жатқан жерлерінен тауып,  сотқа тапсырдық. Ұйымның 18 елдегі 214 мектебінің Түркия Маариф фондына тапсырылуын,  36 елде де осы фитна ұяшықтарының жабылуын қамдадық.  Соңғы фетуллахшы да құқық алдына шығып, есеп бергенге дейін елде және шетелде осы күресті табандылықпен жалғастырамыз” деді.



Ұқсас жаңалықтар