Ғасырлардан бері жүргізілген болмыс күресінің ең соңғы сатысы

Президент Ердоған мәжілістегі еске алу бағдарламасына қатысты.

1455503
Ғасырлардан бері жүргізілген болмыс күресінің ең соңғы сатысы
15_temmuz_yildonumu8.jpg
15_temmuz_yildonumu5.jpg
erdogan 15 temmuz.jpg

Фетуллахшы террорлық ұйымның төңкеріс әрекетінен бері 4 жыл өтті. 

Опасыз төңкерістің бастырылуының жылдығын Түркия төрт жылдан бері “Демократия және Ұлттық бірлік күні” ретінде тойлауда. 

Түркия 15 шілде жеңісінің төртінші жылдығында отан және байрақ үшін қиналмастан шейіт болған азаматтарын құрметпен еске алуда.

Президент  Режеп Тайып Ердоған 15 шілде бағдарламасын Президенттік сарайдың алдындағы 15 шілде ескерткішіне гүл шоғын қойып бастады.

“Бір ұлте бір байрақ, бір отан және бір мемлекетті” бейнелейтін төрт фигура сомдалған 15 шілде Ескертуішіне полиция,  әскер және ардагерлермен бірге гүл шоғын қойған Ердоған артынан мәжілістегі еске алу бағдарламасына қатысты. 

Президент Ердоған осында сөйлеген сөзінде 15 шілденің осы территорияда ғасырлардан бері жүргізілген болмыс күресінің ең соңғы сатысы екенін атап көрсетті. 

15 шілде күні елге шабуылдаған FETÖ опасыздарының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін нысанаға алуының кездейсоқ еместігіне назар аударған Ердоған: “Опасыздардың егер күші жеткенде осы мәжілісті қиратудан тайынбайтынын білеміз.  Егер күштері жеткенде, елдің президенті және премьер-министрін де өлтіруден тайынбас еді” деді. 

15 шілденің қарапайым бір төңкеріс әрекеті еместігін тілге тиек еткен Ердоған: “15 шілде осы территорияда ғасырлардан бері жүргізілген болмыс күресінің ең соңғы сатысы. Артында көптеген ірі есептер бар,  тарихи бетбұрыс. Өз болашақтары мен мүдделері үшін Түркияны отқа тастауға дайын опасыздарға ұарамастан 15 шілде күні болғандай қажет кезінде ұлтымызбен бірге демократиямыз бен тәуелсіздігімізді қорғауды жалғастырамыз” деді.



Ұқсас жаңалықтар