"Түркияның егемендік құқықтарына араласатын пайымдарға қарсы шығамыз"

Министр TRT Haber арнасының тікелей эфирінде күн тәртібіне байланысты мәлімдеме жасады.

1454197
"Түркияның егемендік құқықтарына араласатын пайымдарға қарсы шығамыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Аясофияның мешіт ретінде ғибадатқа ашылуы шешіміне байланысты Түркияның егемендік құқықтарына араласатын пайымдарға қарсы екендерін айтты.

Министр TRT Haber арнасының тікелей эфирінде күн тәртібіне байланысты мәлімдеме жасады.

Аясофияның ғибадатқа ашылуының құқықтық шешім екенін айтқан Чавушоғлу Аясофияның 1453 жылы Стамбул жеңіп алынғаннан кейін түрік халқының мүлкі екенін және мешіт ретінде қолданылғанын атап көрсетті.

«Аясофия мешіті 1462 жылы мешіт ретінде аталды және мешіт ретінде қолданылуы керек. Осы тақырыпта «ашылуы керек, ашылмауы керек» деп пікір айтатындар болуы мүмкін.  Баршаның пікіріне құрмет көрсетеміз.  Бірақ Түркияның егемендік құқықтарына араласатын пайымдарға қарсы шығамыз» деді ол.

Сонымен қатар Арменияның шекараның Товуз аймағында Әзербайжан бекіністеріне шабуылу туралы министр: «Әрине, Әзербайжан армиясы қажетті нәрсені атқарды және шабуылды тойтарды.  Армения әсіресе назарды өзі басып алып отырған жерден басқа жақтарға аударғысы келеді» деді.

Ол Арменияның бүгінге дейін шешімге жанаспағанын еске салып: «Арменияның істеп отырғаны қабылданбайды.  Әзербайжан жалғыз емес. Біз Түркия Республикасы және түрік ұлты ретінде барлық мүмкіндіктерімізбен Әзербайжанның жанындамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар