Чавушоғлұ "Politico"-да бір мақала жариялады

Чавушоғлұ Түркия мен Еуропа Одағы арасында стратегиялық жақтан көптеген ортақ мүдделердің болғанына назар аударды.

1454143
Чавушоғлұ "Politico"-да бір мақала жариялады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркия мен Еуропа Одағы арасында стратегиялық жақтан көптеген ортақ мүдделердің болғанына назар аударды. 

Орталығы Америка Құрама Штаттарында болған халықаралық таралым органдарының бірі "Politico"-да бір мақала жариялаған Чавушоғлұ Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарына тоқталып, "Кейбір Еуропа Одағы елдері стратегиялық деңгейі жоғары тақырыптарда қатал тұғыр ұстанып, ынтымақтастықтың көлемін кішірейтуде" деген сөздер қолданды. 

Еуропа Одағының және кейбір мүше елдердің халықаралық оқиғалар алдында ұстанған қатал тұғырын меңзеген Чавушоғлұ Ливия, Сирия және Шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғаларды мысал ретінде көрсетті. 

Чавушоғлұ Ливияның шығысындағы заңсыз күштерінің лидері Халифе Хафтердің Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан мойындалған ресми үкіметке қарсы шабуыл жасағанын еске салып, түрлі күштердің  Хафтерге қолдау көрсеткенін, Еуропа Одағының болса осы түйінде негізгі принципге сәйкес әрекет жасауда табыссыз екенін айтты. 

Министр Чавушоғлұ "Түркияның заңды Ливия үкіметінің талабы бойынша техникалық жақтан қолдау жасау үшін аймақта болуы тепе-теңдіктерді өзгертті. Берлин Конференциясы сынды дипломатиялық талпыныстардың ықпалы артты. Егер қолдауымыз болмайтын болса, онда Триполиді Хафтер басып алушы еді және үлкен гуманитарлық апат болушы еді" деді. 

Тарихи бір одақтас болған Еуропа Одағы мүшесі Францияның да Хафтерді қолдағанын білдірген Чавушоғлұ Жерорта теңізінде француз кемелерінің түрік кемелері тарапынан тосқаны жайлы пайымдауларды еске салып, "Бұл пайымдаулар НАТО тарапынан расталған жоқ" деген сөздер қолданды. 

Енді бір жағынан Түркияның Сирияның Идлиб қаласындағы болмысының үлкен бір адамдық трагедияны тосқанын баяндаған министр Чавушоғлұ "Түркия әлемде ең көп босқын қабылдаған ел. 3,6 миллион сириялық босқын үшін 40 миллиард доллардан астам ақша жұмсадық. Бұдан көп босқын қабылдауымызды күтпеу керек"  деді. 

Чавушоғлұ мақаласында Кипр және Шығыс Жерорта теңіз тақырыбына да тоқталып, Кипр понти әкімшілігі және Грекияның тек жақтылы қадамдарының Түркияның және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының егемендік құқықтарын аяқ асты еткенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар