Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ұлыбританияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу байланыстары аясында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен бас қосты.

1451804
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ұлыбританияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ұлыбритания байланыстары аясында жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясынан емделген Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонды көруге барды.

Байланыстардың артынан журналисттерге мәлімдеме жасаған Чавушоғлу «Оның жақсы екенін көрдік, денсаулығы мықты. Президентіміздің сәлемін жеткізіп, Түркияға шақыруын қайталадық. Дүниеге жаңа келген нәрестесі үшін құттықтадық» деді.

Чавушоғлу Ұлыбритания байланыстары аясында алдымен Ұлыбритания парламенті Түркия тобы төрағасы Джеффри Доналдсонның артынан әріптесі Доминик Раабпен бас қосты.

Министр Чавушоғлу әңгіме барысында Сovid-19 эпидемиясымен күрес, денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық, еркін сауда келісімі келіссөздері, экономикалық қарым-қатынастар, Brexit (Ұлыбританияның Еуроодақтан айырылуы) кейінгі қарым-қатынастардың қайсы салаларда жетілдіріле алатынын қолға алдық.

Туризм, денсаулық сақтау туризмі, қорғаныс өнеркәсібінде ынтымақтастық тақырыптарын да бағалағандарын тілге тиек еткен Чавушоғлу «Екінші жағынан, біз де Ливия, Сирия, басқа да аймақтық мәселелер мен НАТО мәселесін бірге талқылауға мүмкіндігіміз болды» деді.

Чавушоглу саяси шешім және Ливияның бірлігі мен шекара тұтастығы тақырыбында Ұлыбритания және Түркияның бірдей ойлағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар