Сребреница қырғынының 25 жылдығы

Ердоған  Сребреница қырғынының 25 жылдығына орай 11 шілде сенбі күні өткізілетін еске алу бағдарламасына видео жолдама арқылы қатысады.

1451959
Сребреница қырғынының 25 жылдығы

Президент Режеп Тайып Ердоған Босния және Герцеговинада Сребреница қырғынының 25 жылдығына орай 11 шілде сенбі күні өткізілетін еске алу бағдарламасына видео жолдама арқылы қатысады. 

Түркияның Босния және Герцеговинадағы елшісі Халдун Коч  1995 жылының шілде айында  8 мыңнан астам бейуаз бошнақ бейуаз серб жасақтары тарапынан өлтірілген Сребреница қырғынын еске алу бағдарламаларының жаңа коронавирус салдарынан шекті қатысушымен ұйдастырылатынын мәлімдеді. 

Президент Ердоғанның өткен жылы дәл бүгін Босния және Герцеговинаға жасаған сапарында  қырғын құрбандарын еске алу   бағдарламасына қатысқанын еске салған  Коч "Биыл болса президент Ердоған видео арқылы жолдама жіберді. 11 шілдеде Поточари Еске Алу орталығында жолдамасын көреміз" деді.

Сребреницада болған адамдық трагедияның ұмытылмауы және болған оқиғадан сабақ алуы керектігін түсіндірген Коч "Балқанда Босния және Герцеговинаның тұрақтылығы, береке-бірлігі және тұтастығы өте маңызды. Біздің соғыстан кейінгі кезеңде саясатымыздың негізін Босния және Герцеговинаның саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуы құрады" деді. 

Елші Коч Түркияның әрқашан Босния және Герцеговинаның шынайы досы екенін баяндап, Босния және Герцеговинада ықпалын жалғастырған түрік ұйымдарының да әрқашан мемлекеттің өркендеуіне үлес қосқанын айтты. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар