Сакариядағы жарылыста 4 кісі қаза тапты

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жарылысқа байланысты: "Қазірге дейін 4 азаматымыздан айырылдық. Емханаларға 97 жаралы кісі жолданды" деді.

1448584
Сакариядағы жарылыста 4 кісі қаза тапты

Сакарияның Хендек ауданындағы от шашу материалдары фабрикасында болған жарылыста қаза тапқандар саны 4 кісіге көбейді. 97 кісі жараланды.

Хендек Юкарычалыжа өңіріндегі фабрикада белгісіз себеппен жарылыс болды.

Жарылыстың дауысы 50 километр алыстан естілді. Жарылыстан кейін халық көшеге шықты. Аймаққа денсаулық сақтау және өрт сөндіру топтары жолданды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа, Отбасы, Еңбек және әлеуметтік қызметтер министрі Зехра Зумрут Селчук жарылыс болған фабрикаға барды. Министр Сойлу мен Фахреттин Кожа фабрика тұрған аймақты аспаннан зерттеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Хендектегі фабрикада болған жарылысқа байланысты мәлімдеме жариялады.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жарылысқа байланысты:

"Қазірге дейін 4 азаматымыздан айырылдық. Емханаларға 97 жаралы кісі жолданды" деді. 



Ұқсас жаңалықтар