Әл-Сани Ердоғанның сапары жайлы мәлімдеме жасады

Әл-Сани Катар және Түркия арасындағы қарым-қатынас тарихиның тереңге барып тірелгеніне назар аударды.

1448248
Әл-Сани Ердоғанның сапары жайлы мәлімдеме жасады

Катар Әмірі Шейх Тамин бин Хамал Әл-Сани арабтер мен түріктер арасындағы ортақ мәдени мұраның аймақтың тұрақтылығы және дамуы жайлы жасалатын ынтымақтастығы үшін өте күшті бір негіз екенін білдірді. 

Әл-Сани президент Режеп Тайып Ердоғанның Катардың астанасы Доха сапарынан кейін твиттер арқылы мәлімдеме жасады. 

Катар және Түркия арасындағы қарым-қатынас тарихиның тереңге барып тірелгеніне назар аударған Әл-Сани "Арабтер мен түріктер арасындағы ортақ мәдени мұра және географиялық жақындық  аймақтың тұрақтылығы және дамуы жайлы жасалатын ынтымақтастығы үшін өте күшті бір негіз болуда. Адам баласының ілгерлеуіне де үлкен үлес қосуда" деген сөздер қолданды. 

Катар ресми хабар агенттігі "QNA"-ның Ердоған сапарына кең көлемді түрде орын берді.  Хабарда екі ел лидерінің  Палестина, Ливия, Сирия және Йемендегі маңызды оқиғаларды қолға алғаны және екі ел үшін ортақ маңызға ие халықаралық тақырыптарда пікір алмасқаны жеткізілді. 

Лидерлердің екі ел арасындағы қарым-қатынастардың әр салада тіпті ілгері деңгейге жеткізуіндегі табандылығы түсіндірілген хабарда әсіресе экономика, сауда, инвестиция, энергия және қорғаныс салаларында ортақ мүдделердің дамытылуы тақырыптарының талқыланғаны білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар