Измирде 58 босқын құтқарылды

Измирдің Дикили ауданында Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 58 босқын құтқарылды.

1447214
Измирде 58 босқын құтқарылды

Измирдің Дикили ауданында Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 58 босқын құтқарылды.

Бадемли су айдынында екі қайықта босқындардың болғаны хабарына орай аймаққа барған жағалау қауіпсіздік топтары Түркия су айдынына жолданған 49 босқынды құтқарды.

Мадра өзені су айдынына ағаш қайықпен келген босқындар үшін аймаққа барған топтар Грекия тарапынан түрік су айдынына кері қайтарылған 9 босқынды кемемен құтқарды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.   



Ұқсас жаңалықтар