Венгрия Сыртқы істер министрі Түркияға келді

Венгрия Сыртқы істер министрі және Сауда мминистрі Петер Сийярто Түркияда.

1446493
Венгрия Сыртқы істер министрі Түркияға келді

Венгрия Сыртқы істер және Сауда министрі Петер Сийярто Еуроодақтың Түркияға босқындар тақырыбында уәде еткен қаржылай жәрдемді төлеу керектігін атап көрсетті.

Ресми байланыстар аясында Анкараға келген Сийярто Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен бас қосып, ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Еуроодақтың Түркияға босқындарға жәрдем үшін 6 миллиард евро уәде еткенін еске салған Венгрия Сыртқы істер министрі «Еуроодақ 4,7 миллиард евро төлегенін алға тартуда. Бірақ түрік әріптестер солай демейді. Бұл тақырыпты тез арада нақтылап, Еуроодақтың уәдесін орындауын, қажет болса жаңа бір келісім жасалуын қамтамасыз ету керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар